СҚО-да колонияға ұялы телефон өткізген адвокат лицензиясынан айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық-атқару жүйесінің №66 мекемеcінде жазасын өтеушіге ұялы телефон әкеліп берген адвокат лицензиясынан айырылып, айыппұл төледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, оқиға былтыр шілде айында болған. Сотталған адамның адвокаты Р.Аитов онымен кездесуге келіп, әңгімелесу кезінде ұялы телефонды беру мүмкіндігін талқылаған.

2022 жылдың 2 тамызында адвокат заң көмегін көрсетемін деген сылтаумен тағы да жазасын өтеушіге келіп, оған ұялы телефонды тапсырды.

Соттың 2022 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 1-бөлігінің 481-бабы бойынша Р.Аитовтың ұялы телефоны тәркіленіп, 30 630 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Р.Аитов қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан адамға осындай мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған затты жасырып өткізіп, бермек болды.

Облыс прокуратурасы Р.Аитовты адвокаттық қызметпен айналысу құқығын беретін лицензиядан айыру туралы бастама көтеріп, СҚО Әділет департаменті сотқа талап арыз берді.

2023 жылдың 10 наурызында сот шешімімен СҚО Әділет департаментінің Р. Аитовты лицензиядан айыру туралы талабы қанағаттандырылды.

Ал 21 шілдеде Әділет вице-министрінің бұйрығымен Р.Аитовқа ҚР ӘМ берген адвокаттық қызметпен айналысу құқығына ие мемлекеттік лицензияның қолданылуы тоқтатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz