СҚО-да қаңғырған иттер үй құстары мен малды қырып жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысындағы Элитное ауылының тұрғындары қаңғырған иттерден зардап шегіп жатыр. Жабайыланған иттер малға шауып, құсты қырып тастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО Қызылжар ауданы Элитное елді мекенінің тұрғындары қаңғырған иттер балаға шаба ма, деп қорқатын болған. Ауылдықтардың айтуынша, жабайыланған иттер үйірге жиналып, малға шабатын болған.

«Қаңғырған иттер жылдан жылға көбейіп барады. Осы жазда көршілеріміздің қорадағы төрт қойын жарып кетті. Бүгін қамауда тұрған тауықты өсіп қалған 19 балапанымен жеп қойды. Мұндай жағдайлар ауылда көп. Бүгін құс пен қойға шапты, ертең бізді таламасына кім кепіл. Балаларымызды далаға жіберуге қорқатын болдық. Бұл жайында учаскелік полиция инспекторына, әкімдікке хабарластық. Гуманизация деп мәселені шешер емес», — деп ауыл тұрғындары әлеуметтік желіде жанайқайын жеткізді.

Қызылжар ауданының әкімдігі оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Биыл Қызылжар ауданында қаңғырған ит-мысыққа арналған уақытша ұстау пункті салынады. Осы мақсатқа Вишневка елді мекенінде 0,5 га учаске бөлінді. Жобаның эскизі жасалып, бекітілді. Үшінші тоқсанда жұмыс басталады. Кейін қаңғырған иттерді аулауды бастаймыз. Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап тұрғындар ит-мысықтарын есепке қоюы керек екенін еске саламыз. Бұл рәсім полицияға мал иелеріне шығын келтірген иттердің иелерін анықтауға көмектеседі», — делінген жауапта. 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz