Аудандақ білім бөлімі мен бөбекжайдың есепшілері 90 млн. теңгені жымқырған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық аудандық білім бөлім мен бөбекжайдың есепшілері сыбайлас жемқорлыққа барып, бюджет қаражатын жымқырған. Алдын ала залал — шамамен 90 млн теңге, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ел көлемінде орта және мектепке дейінгі білім беру саласына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

Нәтижесі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Сергей Перовтың айтуынша, соңғы жылдары ел бойынша білім саласында үш жүзден астам жемқорлық қылмыс жасалып, 143 адам сотталған.

— Өңірде негізінен жоспарлау және еңбекақы төлеу қорына басымдық берілді. Оған білім саласына бөлінген облыс бюджетінің 80%-ға жуығы жұмсалады. Сыбайлас жемқорлыққа әкелетін жүйелі проблемалар анықталды. Жалақыны, түрлі қосымша ақыларды заңсыз есептеу, сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстардға ақы төлеу және басқа жолмен бюджет қаражатын ұрлау схемалары ашылды», — дейді Сергей Перов.

Мысалы, департамент талдау барысында ағылшын тілі мұғаліміне жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам ақы негізсіз төленгенін анықтап, ақша қайтарылды.

Сондай-ақ аудандық білім бөлімі бухгалтерінің жұмыс істемейтін адамдарға жалақы аудару және бөбекжай-бақшаның бухгалтерінің өз банк есепшотына ақша аударуы арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Алдын ала шығын — шамамен 90 млн. теңге. Талдау қорытындысы бойынша барлығы 20 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, оларды жою үшін 34 ұсыным әзірленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz