Бастауыш партия ұйымы өкілдерінің араласуымен Айыртау ауданында жол жөнделді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
«Володарская» бастауыш партия ұйымының өкілдері Айыртау ауданында инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сайлау науқаны кезінде аманаттықтар сайлаушылардан ұсыныстар жинауға қатысып, олардың көпшілігі жол мәселесіне қатысты болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Саумалкөл ауылындағы Янко көшесінің жолын жөндеуге қатысты сұрақ бірнеше мәрте жергілікті тұрғындары тарапынан көтерілген болатын. Биыл бұл мәселе «Аманат» партиясының Айыртау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында көрсетіліп, арнайы Жол картасына енгізілді.
 — Аудан орталығының орталық көшесі көптеген жылдар бойы қанағаттанарлықсыз жағдайда болды: ескі асфальт Кеңес Одағы кезінде салынған. Бүгінгі таңда ұзындығы 3 шақырым Янко көшесін жөндеу жобасы толығымен аяқталды. Бұл — ауыл тұрғындары үшін өте өзекті мәселе. Бастауыш партия ұйымының жанынан біз объектіні партиялық бақылау бекетін құрдық, барлық жөндеу жұмыстары біздің қадағалауымызбен жүргізілді, — дейді «Володарская» БПҰ төрайымы Надежда Поселкина.
Партиялықтар мүгедектігі бар адамдарға да қолдау көрсетеді. Осылайша, бастауыш партия ұйымы жарналардан қайтарылатын қаражат есебінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат-дойбы турнирін ұйымдастырды. Қайтарудан түскен қаражаттың 20%-на 40 мың теңгеге жуық сомаға жабдықтар мен сыйлықтар сатып алынды.
БПҰ құрамында – 289 адам. Олар «Ұлттық мұра», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобаларына белсене қатысады. Партиялықтардың қамқорлығында жалғызбасты зейнеткерлер, еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері бар. Қазір аманаттықтар кезекті акцияға дайындалуда – оның барысында аз қамтылған отбасыларын балаларын мектепке жинауға көмектесуді жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz