«Солнечный-2» шағынауданына инженерлік коммуникациялық желілерді тарту және жол қазба жұмыстары кезінде ерте темір дәуіріне жататын қорған табылды. Бұл туралы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров өзінің «Facebook» парақшасында жазды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Есіл өзенінің жанында орналасқан «Солнечный-2» шағынауданында инженерлік коммуникациялық желілер мен жол қазба жұмыстары кезінде ерте темір дәуіріне, сақ тайпалары құрған қорған табылды. Мұны археолог мамандар растап отыр. Қазіргі уақытта археология институты жер қазба қазба жұмыстарын жүргізуде. Мамандар біздің өңірде мұндай жерлеуге арналған қорғандар көп дейді, — деп жазды қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров.