СҚО полицейі балаларға аралас жекпе-жектен спорт үйірмесін жүргізеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының инспекторы Марлен Баранбаев қызмет барысында жедел уәкілдерді, тергеушілер мен криминалистерді қоян-қолтық ұрысқа үйретеді, ал жұмыстан бос уақытында балаларды аралас жекпе-жек үйірмесін жүргізеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Марлен Баранбаев – өз ісін жетік білетін білікті маман. Кикбосингтен спорт шеберлігіне үміткер қызметкер күн сайын полицейлерге қоян-қолтық ұрыстың айла-тәсілдерін үйретеді. Жұмыстан тыс уақытта тәртіп сақшысы балаларға арналған аралас жекпе-жек үйірмесін жүргізеді.

– Бос уақытымда «Сұңқар» аралас жекпек-жек федерациясында балаларды жаттықтырамын. Оған алты және одан жоғары жастағылар қатысады. Жоғары санаттағы жаттықтырушымын. Барлық жаттығулар «Жас Динамо» жобасы шеңберінде тегін жүргізіледі. Үйірмеде балалардың бойларына өжеттілік, төзімділік, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді сіңіруге тырысамын. Мен балаларға жаттығу залынан үйренгендерін көшеде қолданбауды және бос уақыттарында әрқашан өздерінің сүйікті ісімен айналысуды айтып отырамын, – дейді  Марлен Баранбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz