Өткен сенбі күні облысқа Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров келді. Елордалық мейман Петропавлдағы Караванная көшесі бойындағы апаттық жағдайдағы теміржол өтпелнің жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Караванная көшесіндегі көіпр 1960 жылдары салынған. Белгілі болғандай, бұл өтпелге қала тұрғындары жиі шағымданады.
Көлік ағынын төмендету үшін Жұмысшы кентінде теміржол арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірін салу жоспарланып отыр. Жобаның құны 5,9 млрд. теңге. Жалпы ұзындығы — 427 метр.
Биылғы жылы «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде жұмысты бастау жоспарлануда. Республикалық бюджеттен 5,4 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу қажет. Бюджеттік өтінім ҰЭМ-ге жіберілді.