Астананың еңбек ұтқырлығы орталығында «Күшті өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында тамыздың 7-сі мен 9-ы күндері аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қоныс аудару бойынша кеңестер берілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бағдарламаның мақсаты – халықты жұмыспен қамту, баспана жағдайларын жақсарту және елде тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көлік байланысын және көлік-транзиттік әлеуетті арттыру есебінен азаматтардың жайлы өмір сүру ортасын құру.
Қоныс аударған кезде азаматтарға мынандай көмек көрсетіледі:
тұрғын үй сатып алу үшін сертификат – 4 млн. теңгеге дейін;
отбасының әрбір мүшесіне субсидиялар – 70 АЕК (241 500 теңге);
тұрғын үйді жалдау ақысы – 1 жылға дейін;
өтеусіз гранттар – 400 АЕК (1 380 000 теңге);
тұрақты жұмыс орнын табуға көмектесу (бүгінгі күні – 118 бос орын).
Жамбыл ауданы Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде
орналасқан және Ресейдің Қорған және еліміздің Қостанай облысымен, сондай Мамлют,
Есіл, Шал ақын және Тимирязев аудандарымен шектеседі. Ауданның жалпы ауданы 7,47 мың
шаршы шақырымды құрайды. Халқы – 22,5 мың адам, оның 16,8 мыңы жұмыспен қамтылған.
Ауданда 14 діни бірлестік жұмыс істейді. Аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл
шаруашылығы, оның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы. Аудан аумағында 12 автобус
бағыты (2 ауылдық, 1 қалааралық және 9 қалалық) ұйымдастырылған. 30 мектепке дейінгі
білім беру мекемесі, 33 жалпы орта білім беретін мектеп, көркем сурет мектебі, кәсіптік-
техникалық оқу орны, 6 мектеп-интернат бар.