Белоруссия елінде өткен достастық ойындарында солтүстікқазақстандық жеңіл атлет жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл достастық ойындары Белоруссия елінде өткен болатын. Ұлттық құрама сапында Айыртау ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Дмитрий Спасский қатысты. Жерлесіміз 2 шақырымдық қашықтықты 06:01:87 секунд уақытпен мәре сызығын үшінші болып кесті. Нәтижесінде Дмитрий қола жүлдені қанжығасына байлады.