СҚО тұрғыны бүйрегі мен көкбауырынан айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс тұрғыны жергілікті полицейлерді денсаулығына зақым келтірді деп кінәләп отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жәбірленушінің сөзінше, жақында оны полицейлер қатыгездікпен ұрып, салдарынан ол ауруханаға түсіп, бүйрек пен көкбауырынан айырылған. Оқиға былай болған, Аққайың ауданы Қиялы ауылының 44 жастағы тұрғыны Виталий Чумаченко әйелімен және досымен көл басына демалуға барған. Патрульдік полиция қызметкерлері оның мас күйде көлік басқарғанын алға тартып, заңды талаптарын орындауға шақырған. Қарсылық танытқан соң, Виталий мен оның досын күштеп қызметтік көлікке отырғызуға амал жасайды. Айутынша, осы сәтте ол қатты соққыға алған. Кейін тиісті құжаттарға қол қойғаннан кейін үйіне жіберген.

Виталий Чумаченко бірнеше күннен кейін полицейлер қайта келіп, оған тағы да ұрғанын айтады. Петропавлдағы облыстық ауруханаға жатуға мәжбүр болады. Ішкі мүшелеріне зақым келгендіктен дәрігерлер ота жасап, бүйрегі пен көкбауырын алып тастаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz