Арнайы көліктерге жол беріңіз

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері қозғалыс кезінде арнайы көліктерге жол бермеу фактілерін анықтау бойынша рейдтер өткізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қозғалыс қатысушыларының тәртібін арттыру үшін Петропавл полицейлері медицина қызметкерлерімен бірлесіп, жедел жәрдем көлігіне жол бермейтін жүргізушілерді анықтау бойынша үнемі рейдтер жүргізіп тұрады. Түскі уақытта облыс орталығының көлік қозғалысы көп көшелерінде бір жарым сағаттай сиренасы мен жарқылдауық маяктары қосылған жедел жәрдем көлігі жұмыс істейді.

– Тоғыз күн ішінде бұзушылықтар тіркелген жоқ. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арнайы көліктерге жол беруде. Өткен жылдары өткен рейдтік іс-шараларда бірқатар жүргізуші анықталған. Осындай кенеттен болатын тексерулер алдағы уақытта да жалғасатын болады, – дейді Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Арман Әйтеев.

Тәртіп сақшылары ескерткендей, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 6-тарауына сәйкес, қозғалыстың басқа қатысушыларының алдында басымдық алуы үшін жарқылдауық маяк пен арнаулы дыбыстық сигналы қосылған жедел және арнаулы қызметтердің көлік құралдарының жүргізушілері кезек күттірмейтін қызметтік тапсырманы орындауға бара жатқанда басымдыққа ие. Осындай көлік құралдарына жол бермей, талапты елемеген автокөліктердің жүргізушілері 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Өткен жылы Петропавлда арнаулы көліктердің қатысуымен – 3, биыл бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицейлер қозғалыстың барлық қатысушыларынан жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz