Елімізде кеңсе тауарлары 64%-ға қымбаттады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстанда соңғы бір жылда қалам-қағаз бен басқа да кеңсе тауарлары айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ұлттық статистика бюросының 8 тамыз күнгі мәліметінше, кеңсе тауарларының бағасы 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда 2023 жылдың шілдесінде 64,4% қымбаттаған.

— Мектеп дәптері – 77,2%, қалам – 38,6%, түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% қымбаттады, – делінген статистика бюросы таратқан хабарламада.

Статистиктер тамыз айының дерегін әлі жарияламаған, дегенмен кеңсе тауарларының бағасы оқу жылының қарсаңында қымбаттай түсетіні анық.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz