Синоптиктердің болжауынша, ауа райына белсенді оңтүстік циклоны әсер етеді. Жаңбыр жауып, жел күшейеді, тамыз айының осы күндерінде ауа райы әдеттегіден салқын болады.
— Ұзақ аптап ыстықтан кейін Қазақстанның басым облыстары салқындайды. Батыс облыстарды қоспағанда, республика бойынша жаңбыр жауады, кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел екпіні 15-25 м/с-қа дейін күшейеді. Найзағай кезінде екпінді желдің күшеюі ықтимал, — дейді «Қазгидромет» РМК мамандары.
Қазгидромет ыстық ауа райы тек еліміздің батыс өңірлерінде сақталады деп қосты.