Мектептерде интернет жылдамдығы төмен

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың барлық мектептері интернетке қосылғанымен, оның жылдамдығы тым төмен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері өңірдегі мектептер 100 пайыз ғаламтор желісімен қамтылған. Десе де облыстағы 95 орта білім ордасындағы интернет жылдамдағы секундына 4 мегабиттен аспай отыр. Демек оқушылар сабақ оқуда өркениеттің негізгі құралын пайдалана алмай отыр.

– Қала мектептері мен ауылдық орта білім ордаларындағы интернетті салыстыруға мүлдем болмайды. Петропавлда оның жылдамдығы секундына 100 мегабит болса, елді мекендерде 4 мегабиттен 10 мегабитке дейін барады. Бұл өте нашар көрсеткіш, – дейді СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алена Мальгаева.

Сондай-ақ облыстағы 73 мектепте интерактивті тақталар істен шыққан. Бұған қоса, 185 орта білім ордасындағы физика, 239-ындағы химия және биология кабинеттері қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылмаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz