192
Синоптиктер республиканың кей аймақтарында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасай отырып.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында-найзағай, бұршақ, дауыл күтілуде. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м / с, оңтүстігінде 23 м/с-қа дейін жетіп, өрт болу қаупі жоғарылайды.