Облыстағы орман шаруашылығының бірі бензиннің литрін 16 мың теңгеге сатып алуға тырысқан. Бұл белгіленген жанармай құнынан 80 есеге артық, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Аталмыш мекеме жанар-жағармай сатып алуға 600 млн. теңгеден астам қаражатты жұмсауға жоспарлаған. Күмәнді лотты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет уақытылы анықтады. Нәтижесінде тапсырыс берушілер өз сұраныстарын түзетуге мәжбүр болды.
Осыған ұқсас олқылық өңірдің аудан ген. Дегенмен оның нақты бағасы – небәрі 800 мың теңге тұратыны белгілі болды.
Жалпы бірінші жартыжылдықта сатып алу бағасын көтерудің 63 фактісі анықталды. Нәтижесінде 1,5 млрд. теңгені тиімсіз пайдалануға жол берілмеді.
– Тиісті мониторинг «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» арқылы тексерілді. Қаражатты тиімсіз қолданудың фактілері анықталды. Әдетте, тексерілетін субъектілер бұл механикалық қателік деп ақталуға тырысады. Егер бұл қасақана болса, онда ұрлық жасауға әрекет деп бағаланады, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Сергей Перов.