Тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар заңсыз шығарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста пәтер кезегінде тұрған 1,4 мыңға жуық жетім бала тізімнен заңсыз шығарылды. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда әкімдікте тұрғын үй кезегі күн сайын жаңартылады. Сондықтан арнайы тізімді бақылауда ұстап, мониторинг жүргізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты міндеттерінің бірі.

— Біздің ұсынымдарымыз ескеріле отыра мемлекеттік қордан тұрғын үй заңды түрде бөліне бастады. Қазірдің өзінде 5 пәтер заңды иелеріне берілді. Мемлекеттік тұрғын үй қорын түгендеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мәселен, Айыртау ауданы әкімдігіне заңсыз берілген 5 пәтерді алып қою бойынша сот процесі басталды. Мұндай жұмыс облыстың барлық аудандарында жүргізіледі.

Әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың және жетім балалардың кезегін қалпына келтіріп, оларға пәтер беру процесі басталды. Мәселен тұрғын үй алуға кезекте тұрып, кейін тізімнен шығып қалған 1 367 жетім баланың құқығы қорғалды, — деді Сергей Перов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz