Бюроның мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-маусым республикаға келгендер саны 13 652, ал елден кеткендер саны 6 996 адам болған. Көші-қон сальдосы – 6656 адам.
— 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 56,7%-ға азайды, — деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен болады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі – 89,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі – 75,4%.