Қазақстанға көшіп келгендер саны көбейіп, кеткендер саны азайған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстанға көшіп келгендер саны көбейіп, кеткендер саны азайған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық жағдай туралы есебінде айтылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бюроның мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-маусым республикаға келгендер саны 13 652, ал елден кеткендер саны 6 996 адам болған. Көші-қон сальдосы – 6656 адам.

— 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 56,7%-ға азайды, — деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен болады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі – 89,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі – 75,4%.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz