Солтүстік Қазақстан облысында күздік дақылдарды жинау науқаны басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қиын климаттық жағдайларға қарамастан өңір диқандары қамбаға орта есепенен гектарынан 14-16 центнер өнім түседі деп болжам жасауда.
— Биыл шілде айында жоғары температура тіркеліп, рекордтық көрсеткіштерді көрсетті. Вегетациялық кезеңде ауа-райы жағдайы онша қолайлы болмады. Мамыр-шілде айларында жауын-шашын мөлшері 123 мм құрады, бұл нормадан 20 мм — ге аз, — деп атап өтті ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.
Тамыз айында аймақта бұршақ түрінде жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Мейрам Меңдібаев лайықты өнім алу үшін сортты жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілгенін, 2,3 млн. га аумаққа 171 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштар енгізілгенін, арамшөптерге, зиянкестер мен ауруларға қарсы өңдеу жүргізілгенін айтты.
Аймақтағы егін жинау науқаны тамыздың екінші онкүндігінде басталады деп күтілуде. Астық жинайтын комбайндардың орташа өнімділігін ескере отырып, фермерлер жұмысты екі апта ішінде аяқтауға мұдделі.
Биыл облыста жалпы егіс алқабы 4,5 млн. га құрайды, оның ішінде 3,2 млн. га — дәнді дақылдар, 960 мың га — майлы дақылдар, 34,1 мың га — картоп және 6,2 мың га-көкөністер.