Алимент төлеуден жалтарған 8 адам жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста алимент төлеуден жалтарған 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың бесеуі сотталды. Қалған үшеуі 4 млн теңгеден астам қарызды жапқандықтан жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО прокурорының көмекшісі Рустам Саденовтың айтуынша, алимент төлеуден жалтарып, сол үшін сотталған бес адамның қарызы 9 млн теңгеден асқан. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған тағы үш адамның 4 млн теңгеден астам берешегі болған. Олар борыштан құтылғандықтан қылмыстық іс тоқтатылды.

— Өңірде алимент төлейтін 7519 адам бар. 175 борышкер алимент төлеуден жалтарып жүр. Бүгінде жалпы қарыз 166 млн теңгеге жеткен. ҚР Қылмыстық кодекстің 139 бабы бойынша алимент төлеуден қашқандарға жауапкершілік қарастырылған.  СҚО кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі ауданаралық соттың үкімімен Л. есімді адамның бас бостандығы 2 жылға шектелді. Ол 10 ай бойына баласына алимент төлемеген, қарызы шамамен 1,6 млн теңгеге жетті, — дейді Рустам Саденов.

Қазіргі уақытта 6 ай қатарынан баласына қатысты міндетті орындамаған 13 борышкерге қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың жалпы берешегі 16 млн теңгеден асып кеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz