Петропавлда балықшыларға арнайы курстар өткізілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық кәсіпкерлер палатасы «Мен кәсіпкермін» мемлекеттік қолдау құралын іске қосып, бизнесмендерге «Кәсіпкерлік бағыт» жобасы аясында салалық оқыту сабақтарын өткізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жоба шеңберінде балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің біліктілігі арттырылады. Оқу курстарына облыс бойынша 30-дан астам кәсіпкер қатысуға ниет танытты.

—  Курсқа жаңа, тың ақпаратпен танысуға, балық шаруашылығы саласындағы білімімді жітелдіру үшін келдім. Өткен жылы біз 20 тонна балық өсірдік. Заман дамыған сайын, білімді де жаңартып тұру керек қой. Сондықтан осы курсқа қатысамын деп шештім. Алда кәсібімді кеңейтіп, балық санын және түрін көбейтіп өсіруді жоспарлап отырмын, — дейді кәсіпкер Вячеслав Смирнов. 

Кәсіпкерлерге дәрісті Ресейден келген арнайы маман өткізеді. Білім беру бағдарламасы 5 күнге жоспарланған.

«Кәсіпкерлік бағыт» жобасы ауқымды. Өз ішінде бірнеше бағытты қамтиды. Оған омарта шаруашылығы, туризм, мал және өсімдік шаруалышығы кіреді. Омарта шаруашылығы бойынша оқыту сабақтары маусым айында өткен болатын. Онда 20 омарташы білім алды. Ал қалған бағыттар бойынша курстар тамыз және қыркүйек айларында өтеді.

—  Биыл СҚО ксәіпкерлер палатасы «Мен кәсіпкер» жобасын жүзеге асырып бастады.  Оқу курсы 5 күннен тұрады. 2 күн теориялық жұмыс. 3 күн практикалық жұмыс, — дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әсел Самаратова. 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz