№2 жылу-электр орталығы жылыту маусымына дайын

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығы жылыту маусымына дайын болады. Мұны «Севказэнерго» акционерлік қоғамының бас директоры Анатолий Казановский алға тартып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Анатолий Казановскийдің айтуынша,   № 3 және 11 қазандықтар күрделі жөндеу өтіп, тиісті жұмыстар  №5, 6, 8 қазандықтарда да жүргізілді. Сондай-ақ № 2, 4, 5, 6 және 7 турбоагрегаттарда ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. №2 және №3 түтін құбырлары тексерілді. Қазіргі уақытта №9 қазандық агрегаты күрделі жөндеуден өтуде, ол қыркүйектің 15-не дейін, ал № 3 турбоагрегат — 30 қыркүйекке дейін дайын болады деп сендіруде.

— Жылыту маусымын екі құбырмен бастаймыз. Бұл қаланы толыққанды жылумен қамтуға жеткілікті.  Құрылысы тоқтатылған жаңа мұржаға келетін болсақ, бұл құбырсыз-ақ қысты аман-есен өткеруге болады, — дейді Анатолий Казановский.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz