Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қала прокуратурасы кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірудің алдын алу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижесінде мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын дөрекі бұзу деректері анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының міндетті медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғандықтары үшін 34 кәсіпкерлік субъектісі жауапкершілікке тарту мерзімінің өткендігіне қарамастан әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлғалардың заңсыз қаулылары бұзылды және кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласқаны үшін үстіміздегі  жылы мемлекеттік органдардың 2 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері барлығы 98 кәсіпкердің құқығы қорғалды, олардың пайдасына 107 млн. теңгеден астам қаражат өндіріліп алынды, сомасы 35 млн. теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алулардың күші жойылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарына маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан және әкімшілік тосқауылдардан қорғау міндеті жүктелген. Қазіргі уақытта Петропавл қаласының аумағында 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Петропавл қаласының прокуратурасында мобильдік топ жұмыс істейді. Оған кәсіпкерлер бизнес суъектілерінің құқықтарын бұзу фактілері бойынша жүгіне алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz