Облыс тұрғындары көмірдің қажетті көлемінің 30%-ын ғана дайындады. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Владислав Лукин мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Владислав Лукиннің айтуынша, халыққа қажетті отын көлемі 419 мың тоннаны құрайды. Тамыздың ортасына қарай солтүстікқазақстандықтар оның тек 30%-ын немесе 124 мың тоннасын дайындады. Қысқа қамдану көрсеткіші бойынша көш соңында Ғ. Мүсірепов, Уәлиханов және Есіл аудандары бар.
— Көмір тұйықтарға маусым айынан бастап әкелінеді және жылыту маусымы кезінде жеткізілетін болады. Алайда күзде үлкен сұраныс болуы мүмкін. Отынды алдын-ала дайындау қажет, — дейді Владислав Лукин.
Петропавл қаласы әкімдігінің хабарлауынша, көмір үш тұйықта сатылады. Майкөбе, Екібастұз,Шұбаркөл, қаражыра көмірлері бар. Құны сұрыпқа байланысты 12,5-тен 17,2 мың теңгеге дейін жетеді.