Жерлесіміз Ризабек Айтмұхан күміс жүлдені қанжығасына байлады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ел құрамасынан 16 тамызда еркін күрестен Ризабек Айтмұхан (92 келі) алғашқы белдесуде қырғыз спортшысы Нұрболат Адылуулуды, одан кейін канадалық Самуэль Перейраны жеңді. Жартылай финалда грузиялық Георгий Ромелашвилиді қапы қалдырса, финалда ирандық Мохаммадмобин Голомалимиге жол берді.

Айта кетейік, Ризабек биыл Алматыда өткен еркін күрестен ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында топ жарған. Осыдан кейін Астанадағы ересектер арасында Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, әлем чемпионатында әйелдер күресінен 50, 55, 59, 65 және 76 келіде алдын-ала белдесулер өткізді. Ел құрамасынан ақтөбелік Алина Ертөстік жұбаныш белдесуінде сынға түсетін болды. Ол 17 тамызда польшалық Даниэль Ткачупен кездеседі.

Оған қоса әйелдер күресінен өзге салмақтарда жүлделер сарапқа салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz