Интернет-алаяқтардан зардап шеккен 14 жәбірленушінің ақшасы қайтарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері интернет-алаяқтықтан зардап шеккен 14 адамға ақшаларын қайтарып алуға көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында тұратын алаяқ әйел өткен жаздан 2023 жылдың ақпан айына дейін қитұрқы әрекетін іске асырып келген. Ол танымал сайтта төмен бағамен пәтерді жалға беру туралы хабарландыруды орналастырып отырған. 10 мың теңге көлеміндегі алдын ала төлемді алған соң клиенттердің нөмірлерін бұғаттап, байланысқа шығуды доғарған. Осындай әдіспен бірнеше өңірдің тұрғындарын алдаған. Хабарландыруларда Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы пәтерлерді де ұсынған. Қылмыстық істің 14 эпизодының сегізінде Петропавл қаласындағы пәтерлер көрсетілген.

32 жастағы әйел интернеттен тауып алған басқа біреулердің жеке куәлігін пайдаланып, түрлі айла-тәсілдермен ізін жасырмақ болған. Бірақ петропавлдық жедел уәкілдер алаяқты әшкереледі.

– Қылмыс жасалған сәтте күдікті әйел бас бостандығын шектеу түріндегі осыған дейін берілген жазасын өтеп жүрген. Сотқа дейінгі тергеу барысында алаяқ әйел жәбірленушілерге келтірген шығынды өтеді. Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырып, осы жазасының үстінен өтелмеген шартты мерзімінің алты айын қосты. Егер интернет кеңістігіндегі хабарландыруларда төмен бағамен тауарлар мен қызметтерді ұсынып жатса, азаматтарды сақ болуға шақырамыз. Алдын ала төлемге келіспеңіздер, бейнеқоңырау арқылы сөйлесуді талап етіңіз, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

Жыл басынан СҚО-да интернет-алаяқтықтың 400-ден астам фактісі тіркелді. Оның ішінде 150-ден астамы алдын ала төлемді талап етумен байланысты болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz