5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 23 адам эвакуацияланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстанда өрт сөндірушілер 24 адамды эвакуациялап, құтқарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 20 тамызда сағат 06.46-да 101 телефонына Петропавл қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 2 қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.

Сағат 6.53-те құтқарушылар жетіп, пәтердің балконынан қатты түтін шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде 1928 жылғы ер адам өрт орнынан құтқарылды, сондай-ақ баспалдақпен 23 адам эвакуацияланды.

Оқиға орнында 3 бірлік техника және жеке құрамнан 9 адам жұмыс істеді. Өрт сағат 7.04-те жойылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz