Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд. теңге көлемінде жәрдемақы алды. Ал 439,6 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін ата-анасына табысынан айырылғаны үшін 144,8 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алды.
Бұрын хабарланғандай, биыл мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімі 1,5 жылға дейін ұлғайтылды.