«Солтүстік» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорында көкөністер жеткілікті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Солтүстік» ӘКК» акционерлік қоғамы  тұрақтандыру қорына көкөністер сатып алуды бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қырыққабат өнімдерін жергілікті тауар өндірушілер «Золотарев» жеке кәсіпкерлігі мен «Агрос» фермерлік шаруашылығы жеткізудеЖас кәсіпкер Евгений Золотарев «Солтүстік» ӘКК» АҚ-мен 2020 жылдан бері форвардтық сатып алу шеңберінде жұмыс істейді. Оның өсірген көкөністері экологиялық таза өнімдер.

– Биыл біздің кәсіпорын тұрақтандыру қорына 150 тонна қырыққабат, 100 тонна картоп және 20 тонна сәбіз жеткізеді. Біз барлық өнімдерді Мағжан Жұмабаев ауданының Медвежка ауылы маңындағы  егістікте өсіреміз. Өнімнің бір бөлігін – тұрақтандыру қоры қоймасына, бір бөлігін көкөніс қоймасына жөнелтеміз. Бізге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен жұмыс істеген ыңғайлы. Оның айналым схемасы қолайлы. Қаражатты алдын-ала алып, тұқым мен техникаға жұмсауымызға мүмкіндік бар. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерге бизнесін дамыту үшін несие алу қиынға соғады, ал ӘКК ұсынатын тетіктер жақсы көмек болып отыр, – дейді Евгений Золотарев.

Биыл тұрақтандыру қоры 1 300 тонна картоп, 450 тонна пияз және сәбіз, 470 тоннаға жуық қырыққабат сатып алады. Корпорация сайтында қандай өнім және қандай бағамен сатып алынатыны туралы хабарландырулар жарияланған. Кез келген кәсіпкер қажетті құжаттар жинап, өтініш бере алады. Тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің 14-ін сатуға болады. Оның ішінде облыста өндірілетін, сондай-ақ қант, күріш және өсімдік майы сияқты сырт облыстардан тартылатын тауаралар да бар. Сатып алу шарасы қарыз алу, форвардтық сатып алу және жеткізу шарттарын жасасу жолымен жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz