Студенттер «Қызылжар» орман шаруашылығында еңбек етуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста «Жасыл ел» жасағында 615 жас азамат еңбек етуде. Оларға төленетін айлық көлемі 80 теңге болып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Биыл жазғы уақытта жастар нәпақы табу үшін «Жасыл ел» бағдарламасына жүгінді. Басым бөлігі — 16 мен 29 жас аралығындағы облыс тұрғындары.  Осы жылы еңбек етем деушілердің арасында 14 жастағы азаматтар да бар. «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Арманның айтуынша, бұл санаттағылар уақытша жұмыспен қамтылу үшін жастар ресурстық орталағына жүгінуі тиіс.

— 14 жастағы өңір тұрғындарына жұмысты жастар ресурстық орталықтары үлестіреді. Біздің қоғамдық бірлестік «Жасыл ел» бағдарламасы аясында студенттерді қабылдап, белгіленген жұмыс орындарына жібереді. Биыл өңіріміздің жас азаматтары «Қызылжар» орман шаруашылығында және «Зенченко» серіктестіктеріне уақытша жұмысқа алынады. Бір айдың ішінде оларға 80 мың теңге көлемінде жалақы төленеді, — дейді Рүстем Арман.

Мәселен, қазіргі уақытта “Қызылжар” орман шаруашылығында 14 жасылелдік сарбаз еңбек етіп келеді. Олар аптасына 5 рет келіп, таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz