СҚО-да егін жинау науқаны ойдағыдай өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанына дайындық және жемшөппен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиында СҚО әкімі Айдарбек Сапаров өңірдегі күзгі дала жұмыстары туралы есеп берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы қолайлы жағдай егін орағын уақтылы бастауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Бүгінгі күні республика бойынша барлығы 2,4 млн гектар немесе 14,1% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Орташа түсім гектарына 11,5 центнер болып, 2,8 млн тонна астық бастырылды.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жиналатын алқабы 24 млн гектарды құрайды. Егер дақылдар бөлінісіне қарайтын болсақ, 13,7 млн га бидай, 2,8 млн га майлы дақылдар, 188 мың га картоп, 165 мың га көкөніс жинауға дайын. Егіс науқаны сапалы тұқымдарды пайдалану арқылы оңтайлы мерзімде жүргізілді. Диқандар тыңайтқыштарды дер кезінде беріп, егінді арамшөптер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақтылы жүргізді. Сонымен қатар вегетациялық кезеңде диқандар құрғақшылық пен егістік суының жетіспеушілігіне байланысты бірқатар қиындықтарға тап болды, бұл егістіктің жағдайына әсер етті. Осы ретте өңірлік ауқымды төтенше жағдай жариялау және шаруалардың шығындарын жабу, субсидияларды жеделдетіп төлеу және несие мерзімін ұзарту жұмыстары жүргізіліп келеді.

Жиында онлайн байланысқа шыққан Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өңірлердегі жұмыстардың дайындығы мен жүзеге асырылу барысына тоқталды.

— Облыста астық алқабы 4,5 млн. гектарды құрайды. Өңірімізде орақ науқаны 15 тамызда басталды. Барлық шаруашылықтар жаппай егін жинауға
20 тамыздан бастап толықтай кірісті. Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың
614 мың гектары бастырылды, 739 мың тоннасы соғылды, өнімділігі гектарына – 12 центнер. Майлы дақылдардың 5 мың гектар бастырылды,  4 мың тоннасы соғылды, өнімділік – 8 центнерді құрайды, — деді СҚО әкімі.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің айтуынша, өңірде топырақтың құнарлылығын арттыру мақсатында 2,3 млн. гектар алқапқа 175 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді. Жыл соңына дейін тағыда қосымша 25 мың тонна енгізіледі. Сондай-ақ теріскейде жыл басынан бері 48,2 млрд. теңгеге  1 768 бірлік техника алынғанын да жеткізді Айдарбек Сейпілұлы.

Премьер-Министр егінді уақытында және сапалы жинап алу – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.

— Бірқатар өңірлерде егін орағы басталып кетті. Үкімет тарапынан қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды», — деді Әлихан Смайылов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz