ҚР Бас прокурордың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып Александр Трикачев тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бас прокурордың бұйырығы 2023 жылы тамыздың 22-сі күні өз күшіне енді. Енді СҚО прокурорының орынбасары қызметін аға әділет кеңесшісі Александр Владимирович Трикачев атқаратын болады.
Александр Трикачев еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымынан бастады.
2007 және 2019 жылдар аралығында Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарының және Петропавл қаласының прокуроры болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау бойынша басқармасының бастығы лауазымын атқарды.
Прокуратура органдары қызметіндегі еңбек өтілі — 23 жыл.
Ол заң мен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградамен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы прокуратура органының құрметті қызметкері төс белгісімен марапатталған.