210
Тамыздың 26-сы сенбі күні Петропавлда аудандардың әлеуетті өнім берушілерінің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жәрмеңкеге келесі аудандар қатысады:
«Алтын Арман» базарында: Айыртау, Тайынша, Шал ақын аудандары;
«Қызылжар-Ақбастау» базарында: Аққайын, Қызылжар аудандары;
«Дария» базарында: М.Жұмабаев ауданы.
Сауда-саттық сағат 8.30-дан бастап 12.00-ге дейін жалғасады.