Қайырымдылық қор 50 баланы кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Dauletten» қайырымдылық қорының өкілдері Петерфельд ауылындағы «Қызылжар Абай» орта мектебіне барып, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 балаға оқуға қажетті кеңсе тауарларын табыстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сауабы мол істі қор «Ауылдағы ағайынның балаларына» жобасы аясында жүзеге асырып отыр. Бұған дейін қайырымды жандар Маңғыстау, Қостанай және Түркістан облыстарында болып, дәл осы сынды кеңсе тауарларды оқушыларға берді.

– Өткен жылы қорымыз «Зейінді бала» жобасын қолға алып, 1 мың балаға 30 млн. теңге шамасында қаржылай қолдау көрсетті. Биыл шотымызда жиналған ақшаға әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсетудеміз. Оқу жылы басталмай тұрып, акция шеңберінде 1 мың балғынға қажетті кеңсе тауарын сатып алуды көздеп отырмыз, — дейді «Dauletten» қоры» қайырымдылық қордың президенті Жасұлан Бостандықұлы.

Қор «Ауылдағы ағайынның балаларына» жобасын Солтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырмас бұрын көмек алушы оқушылардың  тізімін облыстық  білім басқармасынан сұратты. Кейін өңірдегі мектептердің ішінен «Қызылжар Абай» орта оқу ошағы таңдалды.

– Өткен жылы «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетілді. Биыл республикалық жобаға білім ошағымыз іліккен жоқ. Десе де қайырымды жандар табылып, 50 оқушымызға кеңсе тауарларын сатып алып берді. Ата-аналар дән риза, алғысымыз шексіз, — деп ойымен бөлісті «Қызылжар Абай» орта мектебінің директорының орынбасары Мәнсия Осипова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz