Үкімет жаңа мектептер салуға 2,4 трлн. теңге жұмсайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Үкімет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Қалаларда 205, ауылдарда 164 білім беру нысаны салынады. 217 ғимараттың құрылысын 2024 жылы, тағы 152 ғимаратты 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Жалпы жобаны жүзеге асыруға барлығы 2,4 триллион теңге бөлінеді. Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған.

Үкімет 2022 жылдың қыркүйегінде мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеуді және жүзеге асыруды тапсырғанын еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев әр қазақстандық оқушының білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін лайық жағдай жасалуы керек екенін айтқан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz