Жетім бала пәтер кезегінен заңсыз ысырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда жетім баланың құқығы тапталып, пәтер кезегіндегі орны заңсыз кейінге ысырылған. Тексерістен кейін әкімдіктің жауапты маманы сөгіс алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, көктемде Петропавл әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қала тұрғыны өтінішпен келген. Әйел патронаттық тәрбиедегі 2011 жылы туған баласын мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне қоюда олқылық барын айтқан.

— Әйел патронаттық тәрбиедегі баласын пәтер кезегіне 2018 жылдың ақпан айында қойған. Алайда kezekte.kz порталында кезек артқа сырғып, кезекке тұру уақыты 2018 жылдың қыркүйегі болып кеткен. Тұрғын кезектегі орынды қалыпқа келтіруін сұрап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқан, алайда олар қателікті өздігінен түзетуге асықпаған.  Сол себепті петропавлдық департаментке шағымданып, шара қолдануды сұрады, — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы Дархан Ермеков.

Департамент тексеріс ұйымдастырып, оның қорытындысы бойынша жетім баланың құқығы қорғалды. Пәтер кезегіндегі орнын қыркүйектен ақпанға ауыстырудың нәтижесінде ол 67 орынға өзгерді.  Ал жауапты мемлекеттік қызметші — Петропавл әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz