Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысына сәйкес, облыста үш ауылдың атауы қазақшаланады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайты жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Құжатта көрсетілгендей, енді Солтүстік Қазақстан облысының келесі елді мекендерге мына атаулар беріледі:
Айыртау ауданы бойынша:
— Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылына – Қамсақты;
— Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылына — Баянтай атауы беріледі.
Шал ақын ауданы бойынша:
— Кривощеков ауылдық округіне — Арай;
— Кривощеково ауылына — Арай ауылы атауы берілмек.
Әкімдік қаулысы мен облыстық маслихаттың бірлескен шешімі 7 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.