СҚО-да мұғалім 3 млн. теңге көлемінде қосымша заңсыз ақы алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда өткен тамыз кеңесінде облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында қосымша төлемдерді заңсыз есептеу және бюджет қаражатын ұрлау фактілері туралы еске салды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағылшын тілі мұғаліміне жалпы сомасы 3 млн. теңгеден астам қосымша ақыны негізсіз есептеу белгіленді. Залал өтелді.

— Аудандық білім бөлімінің бухгалтері «өлі жандарға» жалақыны аудару арқылы және бөбекжай бухгалтері өзінің банк есепшотына аудару арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықталды. Алдын ала залал бірнеше ондаған млн. теңгені құрайды, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Департамент анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін 34 ұсыным әзірледі. Оның 16-сы орталық деңгейге енгізіліп, 18-і жергілікті деңгейде орындалатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz