Елімізде инсульт пен инфарктан өлім-жітім азайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстанда жыл басынан бері қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,5%, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы 12%, жіті миокард инфарктісі 4,6%, стенокардия 10%, инсульт-13,5% төмендеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бұл ретте өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ашық жүрекке жасалатын операциялар саны еліміз бойынша 7,1% өсті.

Жыл басынан бері 6 148 ашық жүрекке операция жасалды, жүрекке интервенциялық араласулар саны 14% артып, 55 000-нан астам араласуды құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 500-ге өсті.

— Республикада алғаш рет Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың базасында ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) бар пациенттерді емдеу үшін бірегей жоғары технологиялық кардиохирургиялық операциялар енгізілді. Мұндай операцияларға қанайналымын ұзақ механикалық қолдау құрылғысын – жүректің жасанды сол жақ қарыншасын имплантаттау жатады. 10 жылдың ішінде кардиохирургия орталығына осындай 460 құрылғы имплантатталды, тек биылғы жылы 18 пациент кіріктірілген аппараттардың арқасында өмір сүру мүмкіндігіне ие болды, — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде.

Қазақстанда барлығы 13 кардиохирургиялық орталықта/бөлімшеде 602 қолқа қақпақшасын имплантаттау жүргізілді. Оның ішінде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 80 транскатетерлік TAVI қолқа қақпақшасын имплантаттау орындалды.

Қазақстан — Орталық Азиядағы жүрек пен өкпені трансплантаттау жүргізілетін жалғыз ел. Кейінгі 10 жылда ҰҒКО базасында донорлық жүректі трансплантаттау бойынша 86 операция жасалды. Сонымен қатар биыл шілде айында алғаш рет «Шымкент жүрек орталығы» КеАҚ және «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ қабырғаларында екі пациентке жүректі трансплантаттау сәтті жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz