198
Облыста велоспорттан Алексей Мартыновичті еске алуға арналған республикалық турнир аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Республикалық жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер қатысты. Сайыс Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылында өтті. Биылғы доданың жекелей сынында жерлестеріміздің қатарында алтын медаль Иван Джиммаға бұйырса, Денис Вельк күміс жүлдегер атанды. Ал үшінші орынға елордалық велошабандоз Роман Фрунзе жайғасты.
Жалпыкомандалық еместе бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары жеңіп алды. Екінші сатыға Астана-1 командасы жайғасса, үздікті үштікті Астана-2 командасы қорытындылады.