Петропавлдағы 934 көпқабатты үй жылыту маусымына дайын

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің дені қыс маусымына әзір. Бүгіндері баспаналардың 82,2 пайызының жылыту жүйесі тазартылып, дайындық паспорты берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратпен Петропавл қаласының басшысы Серік Мұхамедиев қалалық мәслихаттың VIII сессиясында бөлісті. Жиында есеп берген әкім Қызылжардың жылыту маусымына даярлығы жайлы баян етті.

— Облыс орталығындағы 934 көпқабатты үй жуып-шаю жұмыстарын жүргізді. Пәтер кооперативі төрағаларына тиісті дайындық паспорты берілді. Олар жылыту маусымына әзір. Қалғандарын алдағы уақытта тексеріп, арнайы құжаттарды береміз. Бүгіндері қаладағы 132 үйде ешбір басқару формасы жоқ екенін атап өткім келеді. Көбіне осындай баспаналардың иелері қысқа әзірлікті кеш бастайды, – дейді Серік Мұхамедиев.

Жалпы Петропавлда 1135 көпқабатты үй бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz