400-ден астам жігіт әскер қатарына шақыртылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста күзгі әскерге шақыру барысында 500-ге жігіт әскер қатарына алынады,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО-ға күзгі әскерге шақыру науқанына дайындықты пысықтауға келген ҚР Қарулы Күштері Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаровтың айтуынша, қазір Қорғаныс министрлігі тарапынан цифрлық трансформациялау іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Мақсат – мерзімді әскери қызметке баруға қызықтыратын жобаларды жүзеге асыру.

— Мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында Қорғаныс министрлігі бірқатар іс-шараларды қолға алды, соның ішінде «Әскери міндетті 2.0» жобасы бар. Әскери борышын өтеп келген азамат осы цифрлық платформа аясында ҰБТ тапсырмай-ақ еліміздегі өзі таңдаған жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады. Үздік деп танылған, ұпай саны жоғары 3 мың сарбазды осылайша оқуға түсіреміз. Министрлік еліміздің жетекші университеттерімен меморандумға отырды. Жоғары оқу орындарының саны 70-тен асады. Тізімге кірмей қалғандар әскери борышын өтеп келгеннен кейін екі жыл ішінде бұл мүмкіндікті пайдалана алады. Алайда олар ҰБТ тапсырмағанымен, оқуды ақылы оқиды», — дейді Руслан Омаров.

Бұдан басқа мерзімді әскери қызметке алынғандарға кредиттік каникул беріледі.

— Бұрын шақырылушы «менің несием бар» деп әскерге барудан бас тартатын. Қорғаныс министрлігі Қаржы нарығын реттеу агенттігімен меморандумға отырды. Яғни әскерге алынушының несиесі болса, ол оны борышын өтеп келгеннен кейін өтей алады.

Цифрлық трансформациялау нәтижесінде қазір жастар автоматты түрде әскери есепке алынады. Бұрын есепке тұруға бір апта берілетін, қазір оны алып тастадық.

Ең маңызды мәселелердің бірі – бұрын 17 жастағы жасөспірімдер жыл сайын әскери тіркелуге міндетті болатын. Оның екі себебі бар, әскери есеп және жасөспірімнің денсаулығын тексеру. Цифрлық трансформациялау нәтижесінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасөспірімдерді әскери есепке алу тәжірибесі жойылады, — дейді Руслан Омаров.

СҚО-да көктемде 400-ден астам жігіт әскер қатарына алынып, бүгінде еліміздің әскери бөлімдерінде азаматтық борышын өтеп жатыр. Күзде олардың қатарына тағы 500-ге жуық азамат қосылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz