190
Қыркүйектің 2-сі сенбі күні Петропавлда аудандардың әлеуетті өнім берушілерінің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жәрмеңкеге келесі аудандар қатысады:
«Алтын Арман» базарында: Ақжар, Ғ. Мүсірепов, Тимирязев аудандары;
«Қызылжар-Ақбастау» базарында: Есіл,Жамбыл, Уәлихан аудандары;
«Дария» базарында: Мамлют ауданы.
Сауда-саттық сағат 8.30-дан бастап 12.00-ге дейін жалғасады.