Петропавлда Семей полигонының жабылу күніне қалалық ардагерлері кеңесінің мүшелері, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері ядролық апат құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, , деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Осыдан тура 32 жыл бұрын Семей ядролық полигоны жабылды. Тарихи деректерге сүйенсек, Абай өңірінде 40 жылдың ішінде жүргізілген сынақтардың саны 500-ден асып жығылады. Салдарынан талай адам ажал құшып, көбі түрлі ауруға шалдықты. Ал сәбилердің көпшілігі мүгедек болып дүниеге келді.
Сынақтар жүргізілген уақытта Семейде 600-дей жерлесіміз әскерде Отан алдындағы борышын өтеді. Олардың жартысынан көбі өңірге қайта оралмады.
Ядролық құрбандарына арналған ескерткіші маңында жиналған қауым алапат қарудың салдарынан көз жұмғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.