205
Сенат Ұлттық банк басшысы лауазымына Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Президент Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын ұсынған еді.
Сенаторлар ашық дауыс беру әдісін қолданды. Депутаттар Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын мақұлдады.
Бұған дейін бұл қызметті Ғалымжан Пірматов атқарған еді.
2023 жылғы 4 қыркүйек күні Ғалымжан Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды.