Сенбі- жексенбі күндері Петропавлда су болмайды. «Қызылжар су» ЖШС-ның ақпаратына сәйкес, қыркүйектің 9-ы мен 10-ы қалада сумен жабдықтау желілерін жуу және дезинфекциялау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— 9 қыркүйек сағат 00:00-ден 10 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін Петропавл қаласында су беру тоқтатылады. Көрсетілген кезеңге қажетті су қорын жабдықтауды сұраймыз. Желілерді профилактикалық жуу кезеңінде краннан немесе су жинайтын колонкалардан суды ішуге және тамақ дайындауға пайдалануға тыйым салынады! — делінген «Қызылжар су» ЖШС таратқан мәліметте.