Былтыр жылы 2,4 миллионнан астам қазақстандық онкологиялық ауруларды анықтауға арналған скринингтен өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Қазақстанда 2008 жылдан бастап сүт безі және жатыр мойны обырының скринингі және 2011 жылдан бастап колоректальды обырдың (тоқ ішектің) скринингі жүргізілуде. Елімізде белсенді түрде 3 түрлі онкологиялық скрининг жүргізіледі. Өткен жылы скрининг шеңберінде 2 465 713 ер мен әйел тексеру жүргізілді. 2021 жылы да 2 465 713 адам скринингтен өткен еді. Жас тобы бойынша әйел адамдар 30 жастан бастап, ер адамдар 40 жастан бастап скринингтен өтеді, — делінген ресми сауалға берілген Денсаулық сақтау министрлігінің жауабында.
Қазақстанда онкологиямен ауыратын 210 мыңнан астам адам есепте тұр.
Кейінгі 2 жылда жастардан қатерлі ісік жиі анықталып жатыр.
Осыған байланысты министрлік қатерлі ісіктің өршуіне себеп болған басты факторларды атады.
Жалпы жыл сайын онокологияға шалдыққан науқастарды емдеуге 36 млрд теңге бөлінеді.