Биыл суға шомылу маусымында 5 адамның ажалы судан келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мәліметінше, биыл елімізде жаз мезгілінде суда 177 адам, соның ішінде 53 бала қаза тапты.
СҚО құтқарушылары оқыс оқиғалардың алдын алу үшін халық демалуға көп баратын көлдерде кезекшілік атқарды. Нәтижесінде 39 адамның, соның ішінде 3 баланың өміріне араша түсті. Десе де белгіленбеген жерлерде шомылған 5 адам қаза тапты.
— ТЖД мамандары мен полицейлердің біріккен алдын алу рейдтері кезінде қоғамдық орындарда болу тәртібін бұзғаны үшін 502 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа ортақ су пайдалану тәртібін елемеген 303 тұрғын жазаға тартылды, — дейді СҚО ТЖД қорғаныс басқармасы басшысының м.а. Қуат Махметов.