Атаулы әлеуметтік көмек алған 100,4 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 100,4 мың отбасы 2023 жылы кедейлік жағдайынан шыққан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

АӘК мыналарды көздейді:

  • Табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% — нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • Табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы әр балаға 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру;
  • Жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

— Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару, — делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz